
«Мама, папа, мен – спорттық отбасы» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мүшелері арасындағы бірлікті нығайту және белсенді демалысты дамыту. Қатысушылар түрлі спорттық кезеңдерде өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Эстафета барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.