Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында А.М. Горький атындағы гимназияда «Жасыл аймақ» тақырыбында экологиялық сабақ өткізілді.

 

Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғаудың, қоршаған ортаны таза ұстаудың және айналаны көгалдандырудың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар туған жердің табиғатын аялау, ағаштар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау және тазалықты сақтау әр адамның ортақ міндеті екені айтылды.

 

Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық! 🌱

 

#ТазаҚазақстан #ЖасылАймақ #АдалАзамат