
Жалпы қауіпсіздік ережелері:
- Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
- Телефон немесе интернет арқылы түскен өтініштерді асығыс орындамаңыз.
- Күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
- Қолданбалар мен операциялық жүйені үнемі жаңартып отырыңыз.
Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз:
- Дереу 102 нөмірі арқылы немесе https://qamqor.gov.kz/ сайты арқылы полицияға хабарласыңыз.
- Ақша шешу әрекеті байқалса, банк немесе банк қосымшасы арқылы картаңызды бұғаттаңыз.
- Көмек алу үшін 116 бірыңғай нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.
Екінші деңгейлі банктердің картаны бұғаттау байланыс нөмірлері:
Маңызды! Алаяқтардың банк шотын Антифрод орталығы арқылы бұғаттауға болады – ол үшін банкке немесе полицияға хабарласыңыз.
Қосымша ақпарат:
Кеңес алу немесе сұрақтарыңыз болса, Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Алаяқтық туралы хабарлау үшін:
https://qamqor.gov.kz/ сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қосымша ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің Instagram парақшасынан табуға болады: https://www.instagram.com/cybercrime.kz/.