А. М. Горький атындағы гимназияда 29.01.2019 жылы №728 ҰБТӨП басшысы Хасенов Нұргелді Сәлімжанұлының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Ол ата-аналарды Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша ағымдағы жылдың жаңалықтарымен таныстырды. Мұндай өзгерістерді ерекше атап өтті:
- оқушылар ҰБТ өткізу пункттерінде өз бетінше тіркеледі,
- жылына 4 рет өткізіледі
- оқушылар қалауы бойынша барлық төрт тестілеуге қатыса алады. Бұл ретте, ҰБТ-ға(қаңтар) қатысуға өтінішті қабылдау кезінде тапсырылатын құжаттар келесіде де пайдаланылады. Төлем туралы түбіртекке ҰБТ өткізілетін күні қойылады.
- Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін маусым - шілде айларында ҰБТ-ға міндетті түрде қатысу.
Бірінші рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуіші құжаты жасалуына байланысты, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша, білім беру гранттарын беру туралы ата-аналардың сұрақтары көп болды.
Өткізілген түсіндіру әңгімелесуден кейін, ата-аналарда сұрақтар болған жоқ.