Жұмысқа қабылдау

4-5 мамыр аралығында Астанада республикалық форматтағы кең ауқымды робототехника чемпионаты өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен 260 бала күштерін сынап, Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салды. Балалар жарқын эмоциялар, жаңа таныстар және болашақта халықаралық турнирлерге қатысу үшін пайдалы тәжірибе алды.

Robotek Grand Tournament ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өтті.

Чемпионаттың бірінші күні 10 мен 16 жас аралығындағы балалар келесі санаттарға қатысты:

Эстафета

Робо-сумо

Биатлон (кішілер санаты)

Лабиринт

Екінші күні жарыс үш номинация бойынша өтті:

Кегельринг Квадро

Сызық бойынша жарыс

Биатлон (үлкендер санаты)

Қостанай облысының командасы 18 орыннан 9 орынға ие болды.

P.S. алдағы маусымда шешілетін және ұмтылатын мәселелер бар.