📚 Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді «Жаз оқырман – Юный читатель – 2026» жазғы жобасына қатысуға шақырамыз!
🎯 Жазғы мини-челлендж:
✔️ 3–5 кітап оқыңыз.
✔️ Жас ерекшелігіңізге сәйкес 2 шығармашылық тапсырманы орындаңыз.
✔️ 1 кітапты досыңызға, туысыңызға немесе танысыңызға ұсыныңыз.
✔️ Оқырман күнделігіне 1 қызықты ой немесе дәйексөз жазып қойыңыз.
📖 Жас ерекшеліктері бойынша тапсырмалар:
🔹 6–11 жас:
* «Оқиғаны сурет арқылы жеткіз».
* «Оқиғалар картасы».
* «Комикс құрастыр».
🔹 12–15 жас:
* «Басқаша аяқталу».
* «Сахнала немесе сценарий жаз».
* «Кітапқа рецензия жаз».
🔹 16–18 жас:
* «Кейіпкерге сыни баға бер».
* «Кейіпкер күнделігін жаз».
* «Сценарий немесе трейлер идеясын ұсын».
📱 Орындалған тапсырмаларды, шығармашылық жұмыстардың фотосуреттерін, кітаптарға жазылған пікірлер мен жобаларды әлеуметтік желілерге жариялап, #ЖазғыОқырман2026 хештегін және біздің Instagram парақшамызды белгілеуді ұмытпаңыз.
Кітаппен бірге оқыңыз, ойланыңыз, зерттеңіз және дамыңыз!
Баршаңызға қызықты әрі танымды жазғы демалыс пен әсерлі кітап оқу тілейміз!