Жұмысқа қабылдау

         

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Киелі география»  арнайы жобасын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 11 ақпанында 9-10 сынып оқушылары үшін «Қазақстанның 10 киелі орны» бірыңғай онлайн/офлайн сынып сағаты өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 132 адам қатысты.

Киелі орындар - бұл ел халқы арасында қастерлі мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесене және табиғи ландшафттар, сонымен қатар маңызды саяси оқиғаларға байланысты тұрақты тарихи құндылықтары бар орындар. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде тарихи-мәдени мұра мен ұлттық бірліктің нышандары ретінде маңызды орын алатын нысандар.

Оқушылар Қазақстанның қоғамдық-мәдени, саяси өмірінде тарихи-мәдени мұра мен ұлттық бірліктің символы ретінде маңызды орын алатын Қазақстанның 10 бірегей орнына виртуалды саяхат жасады, олар:  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістан, Жамбыл облысындағы Айша бибі кесенесі, Тамғалы Тас шатқалы Алматы облысы, Маңғыстау облысындағы Бекет Ата жерасты мешіті, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысы, Ұлытау тауындағы Жошы хан кесенесі, Қарағанды облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан Баба кесенесі, Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақ Бауыр, Маңғыстау облысындағы Отпан тау қаласы.