Жұмысқа қабылдау

 

Оқыту бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында,9 "В" және 9 "Д" сынып оқушылары "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-не барды. Бұл өнеркәсіптік құрастыру талаптарын орындайтын жалғыз отандық автоөндіруші, оның шеңберінде автомобиль корпусын дәнекерлеу, бояу және құрастыру операциялары жүргізіледі. Бүгінгі таңда өндірілетін өнім желісінде әлемге әйгілі Jack, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva брендтері бар.

2021 жылдың наурызында Оңтүстік Кореяның Kia автомобильдерін ірі тораптық құрастыру және Lada автомобильдерін шағын тораптық әдіспен құрастыру басталды. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіптік оқыту орталығының бас маманы Омурзақова Ажар зауыттың тарихына тоқталып, бүгінгі жұмыс күндері мен келешегі туралы айтып, сонымен қатар түлектердің барлық сұрақтарына жауап берді.