
Мектеп жанындағы жазғы алаңда тағы бір жарқын күн өтіп, балаларға жаңа әсерлер, қызықты кездесулер мен өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлады.
Тақырыптық күн аясында алаң тәрбиеленушілері Л.Н. Толстой атындағы кітапханада ұйымдастырылған танымдық-ойын-сауық бағдарламасына қатысты. Балалар қызықты ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысып, кітаптың білім мен ғажайып оқиғалар әлеміне бастайтын сенімді жолсерік екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
Күннің шығармашылық бөлігінде «Қағазбен сурет салу» атты шеберлік сабағы өтті. Жас суретшілер бейнелеудің ерекше тәсілімен танысып, өз қиялдарын шығармашылық жұмыстарында көрсетті.
Сонымен қатар балалар ағылшын және қазақ тілі сабақтарына қатысып, коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған «Говорилка» курсы аясында өз ойларын еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға және тиімді қарым-қатынас жасауға машықтанды.
«Маған қай мультфильм кейіпкері ұнайды?» атты әңгіме балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар сүйікті кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері мен игі істері туралы ой бөлісіп, нағыз батырлықтың мейірімділікпен, достықпен және өзгелерге көмектесумен өлшенетінін түсінді.
Бұл күннің әрбір іс-шарасы жазғы демалысымыздың қызықты кітабының тағы бір парағына айналып, балаларға оқу, шығармашылық және қарым-қатынас арқылы әлемді тануға мүмкіндік берді.


