Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Бүгін «Jamназия – балалық шақ мекені» жазғы мектеп жанындағы алаңында жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттерге толы Әсерлер күні өтті!

Бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн белсенді демалыс пен қызықты шытырман оқиғаларға толы болды. Балалар лазертагқа барып, өздерінің ептілігін, жылдамдығын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Кейін олар «Playwood» ойын орталығына барып, қызықты ойындар ойнап, достарымен көңілді уақыт өткізіп, көптеген жағымды әсер алды.

Екінші сынып оқушылары да күндерін өте қызықты өткізді. Қала бойынша ұйымдастырылған экскурсия барысында олар туған қаласының тарихы, көрікті жерлері және оның дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер білді. Балалар өздеріне таныс көшелерге жаңаша көзқараспен қарап, туған өлкесінің бай тарихына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Бұл күн балаларға жаңа білім, жарқын әсерлер және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осындай сәттерден ұмытылмас жаз естеліктері қалыптасады!