
«Jamназия» мектеп жанындағы алаңында өткен Экокүн өте қызықты әрі мазмұнды болды. Күн тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені бүгін Қазақстанда экологтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Балалар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен қарым-қатынастағы экология, айналамыздағы барлық нәрсеге ұқыпты әрі құрметпен қарау туралы да әңгімелесті және шығармашылық жұмыстармен айналысты. «Сөйлесеміз. Ойнаймыз. Талқылаймыз» үйірмесінің сабағында мультфильм кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасы мысалында экологиялық қарым-қатынас ережелері құрастырылды.
Қоршаған ортаны сақтау тақырыбы музыка сабақтары мен шығармашылық шеберлік сағатында да негізгі өзек болды.
Күннің қорытындысы «Табиғат. Денсаулық. Болашақ» атты ЭКОКВЕСТ-пен аяқталды. Қызықты әрі белсенді тапсырмалар балалардың экологиялық білімдерін кеңейтіп, табиғатты сақтауға қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Күн жарқын, көңілді әрі пайдалы өтті! Табиғатқа деген сүйіспеншілік бала кезден басталсын.











