Жұмысқа қабылдау

30 қазан мен 2 қараша аралығында Қостанай облысы мен Қостанай қаласының мұғалімдері үшін инженерлік үш өлшемді модельдеу бойынша курстар өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқытушыларға үш өлшемді модельдеу технологияларын үйрету.

Нәтижесінде мұғалімдер инженерлік графика, жобалау және 3D- модельдеу негіздерін игерді.Информатика мұғалімдері 3D-модельдеу бойынша «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша қарапайым бөлшектерден бастап, құрастыру операцияларына және анимация жасауға дейін әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ, мұғалімдер сызбалармен жұмыс істеу негіздерімен танысты. Олар үш өлшемді модельді сызу, қималар мен тіліктерді салу сияқты дағдыларды, сонымен қатар конструкторлық құжаттаманың бірыңғай стандарттары (КҚБЖ)бойынша теориялық білімді алды . Курстарды аяқтағаннан кейін қатысушылар арасында шағын конкурс өткізілді, оның барысында мұғалімдер тапсырмаға сәйкес бөліктің үш өлшемді бейнесін жасауы, алынған бөлшектердің сызбасын (КҚБЖ)  бойынша дұрыс дизайнымен салуы, жылжымалы жинақ және алынған модельдің қозғалысының анимациясын жасап шығаруы.