?Жедел қызметтердің мәліметтері бойынша көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлімі мен жарақаттануы өрттердің пайда болуы, жол ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, жұқа мұзда ойнау немесе коньки тебу кезінде болады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті.
Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
1 баламен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
2 балалардың сіріңке, оттық сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, ұлыңызға немесе қызыңызға оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыққан оттың күші қиындықтар әкелетіні туралы айтыңыз;
3 балаларға тұрмыста, көшелер мен жолдарда дұрыс жүріс - тұрыс үлгісін көрсетіңіз;
4 баланың күні бойы жүрген жерін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;
5 балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытын бақылаңыз;
6 өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электрмен қыздырғыштардың, басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз;
7 төтенше жағдайларда: 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар! Балалар сіріңкемен ойнау арқылы өртке кінәлі болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, тек тыйым салумен шектелмеуіңіз керек, балаларға отпен ойнаудың қалай аяқталатынын сенімді түрде түсіндіруге тырысуыңыз қажет. Балаларға сіріңке ойыншық емес, бұл өте қажет және пайдалы нәрсе екенін, балалар ойындарына мүлдем жарамсыз екенін үнемі үйретіңіз.