Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатқан кезде біздің «Жас патриот» журналымызға 80 жыл толады. «Жас патриоттың» алғашқы нөмірі 1941 жылы қарашада шықты. Журналды шығарудың бастамашысы мектеп кітапханашысы Брод Ксения Сергеевна болды, ал оған «Горький» оқушылары көмектесті. Журнал жас жүректерді өз Отанына деген мақтаныш сезімін, жігер мен Кеңес Армиясының сөзсіз жеңісіне сенімін ояту үшін қажет болды. Журнал - қолмен жазылған. Оның беттерінде еліміздің, өлкенің, гимназиямыздың тарихы балалардың қолжазбасымен суреттеледі. Мұражай мұрағатында «Жас патриоттың» 200-ден астам данасы сақталған. «Жас патриот» журналы күні бүгінге дейін шығады. Компьютерлік технологияға қарамастан, журнал ғасырлар бойғы дәстүрді бұзбай, қолмен жазылған.