Жұмысқа қабылдау

Бүгін, 2023 жылдың 06 ақпанында гимназия базасында мектеп жобаларының қалалық мультимедиялық фестивалі өтті. Қатысушылар келесі номинациялар бойынша өз күштерін сынап көрді: «екі өлшемді және үш өлшемді модельдеу», «электрондық презентациялар», «компьютерлік фильмдер», «визуалды бағдарламалау», «web-дизайн, web-бағдарламалау». 

Гимназиядан «екі өлшемді және үш өлшемді модельдеу» және «визуалды бағдарламалау» екі номинациясында 15 жұмыс ұсынылды.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жұмыстар мен қазылар алқасының ұсыныстары облыстық кезеңге бағытталатын болады.

Мультимедиялық жобалар фестивалі білім алушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін байытты, олар үлкен қуат пен өз күштеріне деген сенімділікке ие болды, бұл сөзсіз – болашақ жетістіктерге бастама.