Жұмысқа қабылдау

2023 жылғы 03 ақпанда инженерлік үш өлшемді модельдеу бойынша республикалық онлайн конкурс өтті. Байқауға Астана, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан 10-11 жас, 12-13 жас, 14-16 жас аралығындағы 41 оқушы қатысты. Байқау жақында ғана осы бағытта жұмыс істей бастаған оқушылар арасында өтті, бірақ соған қарамастан қатысушылар жоғары нәтиже көрсетті. Байқаудың мақсаты дарынды оқушыларды анықтау, үш өлшемді модельдеу технологияларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, бейнелі және кеңістіктік ойлауын дамыту және қолдау болды.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінеді:

Кіші жас санатында 10-11 жас:

1 орын Ибрашев Темірлан, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қаласы

2 орын Симанов Артем, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қаласы

3 орын Анацкая Злата, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қ.

 

Орташа жас санатында 12-13 жас:

1 орын Асатова Зара, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қаласы

2 орын Ченцова Алина, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қаласы

3 орын Серікжарова Аружан, №1 мектеп-лицей, Риддер қ.

 

Жоғары жас санатында 14-16 жас:

1 орын Малышев Андрей, Токаревка ОШ (ОО), Қарағанды облысы

2 орын Малюкова Альбина, №1 мектеп-лицей, Риддер қ.

2 орын Баймолдинов Арман, Токаревка ОМ (РО), Қарағанды облысы

3 орын Жарков Ярослав, А. М. Горький атындағы Гимназия, Қостанай қ.