Жұмысқа қабылдау

5-6 сынып оқушыларына арналған Junior Programming Contest-2023 спорттық бағдарламалау олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) "Қостанай Дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Озат" МАТМЛИ ұйымдастырған ағымдағы жылдың 20 ақпаны мен 30 наурызы аралығында өтті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: жаттығу (20.02-24.02), іріктеу (27.02-03.03), қорытынды (30.03). Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған білім алушылар олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылды. Іріктеу кезеңінің финалистеріне біздің гимназистер де кірді: Тасмагамбетова Адема, 5 "Б" сынып оқушысы; Зубенко София, 6 "В" сынып оқушысы.

30 наурызда "Озат" МАТМЛИ базасында олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Оның нәтижелері бойынша гимназияның қоржынында 1 дәрежелі диплом бар.

5 "Б" сынып оқушысы Тасмагамбетова Адеманы және оның жетекшісі Урманова Ольга Юрьевнаны, информатика пәнінің мұғалімін лайықты жеңісімен құттықтаймыз.