Жұмысқа қабылдау

2023 жылдың 04 сәуірінде "Қостанай политехникалық жоғары колледжі" КМҚК базасында "Robotek Grand Tournament"робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңі өтті.

Гимназиядан 3 санаттағы 4 команда мәлімделді:" Сызық бойынша жарыс"," Кегельринг-квадро","Робо-сумо". 

Чемпионат қорытындысы бойынша 4 команданың 3-і жүлделі орындарға ие болды.

"Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша Республикалық чемпионатының облыстық кезеңіне қатысушыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз:

"Сызық бойынша жарыс" санатында 1 орын-Жарков Ярослав, Дильман Роман, жетекшісі Лисовский Андрей Владимирович;

"Кегельринг-квадро" санатында 2 орын-Барабаш Александр, Мамчур Илья, жетекшісі Лисовский Андрей Владимирович;

"Робо-сумо" санатында 2 орын-Зубенко София, Тасмағамбетова Адема, жетекшісі Саканов Серик Муратович

1 орын алған командалар 2023 жылдың мамыр айында өтетін соңғы кезеңге қатысу үшін жіберіледі.