Жұмысқа қабылдау

2023 жылғы 17 мамырда «Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы» КММ-нде білім беру үдерісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені аясында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді. Белгіленген оқу жаттығуларына сәйкес 1-қабатта белгісіз зат табылды. Гимназияның қызметкерлері мектеп әкімшілігіне белгісіз заттың табылғаны туралы хабарлады. Білім беру ұйымының барлық оқушысын, сондай-ақ мектеп қызметкерлерін эвакуациялау туралы шұғыл шешім қабылданды. Сонымен қатар, арнайы қызметтер жедел түрде іске қосылды. Ұжымның әрекеттері төтенше жағдайлар кезіндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылды. Эвакуациялық оқу дабылын жүргізу нәтижелері бойынша гимназияның 594 оқушысы мен 42 қызметкері эвакуацияланды.