2023 жылғы 19 мамырда Қалалық балалар шығармашылығы мектебінің базасында қала әкімі
М. Жундубаевтың қатысуымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен олимпиаданың қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Биылғы жылы қаланың әдістемелік қоржыны республикалық деңгейдегі 13 наградамен толықты, оның 1-і алтын, 3-і күміс, 9-ы қола. Жоғары сынып оқушыларының осы қоржынға қосқан үлесі алтын, екі күміс және бір қола екенін мақтан тұтамыз! Өзінің құттықтау сөзінде қала басшысы мектеп оқушыларын жоғары марапаттарымен құттықтап, балаларға қолдау көрсетіп, балалардың дарындылығын дамытуда бірлесе жұмыс жасап жатқан ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдірді. «Бәсекеге қабілетті, белсенді, білімге, жаңалыққа, биіктерге ұмтылған, күш-қуаты мол ұрпақты бірге ғана тәрбиелей аламыз», - деді Марат Кунисбайұлы.
Марапаттау рәсімі аясында әрбір ата-ана балаларды лайықты тәрбиелегені үшін қала әкімінің қолынан естелік Гравертон мен гүл шоқтарын алды. Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көп еңбек сіңірген балалар мен педагогтарды құттықтаймыз! Баршаңызға жаңа шығармашылық ізденістер мен жеңістер тілейміз!