
А. М. Горький атындағы гимназияда мектеп музейі үйірмесінің алғашқы сабағы өтті. Сабақ туған мектептің тарихын сақтаудың маңыздылығымен және музей қызметінің ерекшеліктерімен таныстыруға арналды.
Кездесу ерекше ойын форматында ұйымдастырылды. Жас қатысушылар өздерін музей детективтері рөлінде сынап көріп, жұмбақтарды шешті, музей терминдерімен танысты. Сондай-ақ қарапайым заттар, ескі фотосуреттер мен отбасылық жәдігерлердің өткен күндер туралы таңғажайып сыр шертетінін білді.
Оқушылар мектеп музейі жұмысының негізгі бағыттарымен танысты: іздестіру жұмыстары, тарихи құжаттарды зерттеу, экскурсиялар ұйымдастыру, көрмелерді безендіру, презентациялар мен жарияланымдар әзірлеу. Әрбір оқушы өзіне қызықты рөлді таңдай алды: тарихшы, экскурсия жүргізуші, жәдігерлерді сақтаушы, дизайнер, фотограф немесе тілші.
Әсіресе, оқушыларға «Тарихты ала кел!» акциясы ерекше қызығушылық тудырды. Акция аясында оларға үйден қызықты бір зат тауып, оның отбасында қалай пайда болғанын анықтау ұсынылды. Ал «Уақыт капсуласы» акциясы барысында қатысушылар он жылдан кейін мектеп музейін қандай күйде көргісі келетіндері туралы өз тілектерін ортаға салды.
Сабақ жас музейтанушыларды салтанатты түрде қабылдау рәсімімен аяқталды. Оқушылар музей экспонаттарына ұқыпты қарауға, гимназия тарихын құрметтеуге, тарихи деректердің дұрыстығын тексеруге және мектептің дамуына үлес қосқан адамдардың есімдері мен еңбектерін есте сақтауға уәде берді.
Алғашқы отырыс өткенге саяхат жасаудың қызықты бастамасына айналды. Бұл саяхатта әрбір экспонат өз құпиясын сақтайды, ал әрбір оқушы тарихты зерттеуші бола алады.
Кездесудің басты ойы: музей — ескі заттар сақталатын орын ғана емес. Бұл — естеліктер өмір сүретін, ұрпақтар сабақтастығы нығая түсетін және болашақтың тарихы қалыптасатын қасиетті мекен!
Мектеп музейінің жетекшісі: Ли В. П.
