Жаттығу барысында педагогтар, қызметкерлер және оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі іс-әрекеттері, хабарлау, эвакуациялау және арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтіп, гимназия ұжымының қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығының жоғары екенін көрсетті.
Сапар аясында Бапинов А.К. гимназияның әкімшілік құрамымен мазмұнды нұсқама өткізіп, оның қорытындысы бойынша жұмысты жетілдіруге және терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар берді. Оның оқу-жаттығу жоспарын іске асыруға деген жауапкершілігі, негізгі кезеңдерді мұқият пысықтауы және тәжірибеге бағытталған ұстанымы ерекше атап өтілді.
Гимназия ұжымы Бапинов А.К.-ға кәсіби кеңесі, құнды тәжірибелік ұсынымдары және осындай маңызды іс-шараға белсенді қатысқаны үшін шынайы алғыс білдіреді.