Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Гимназиямыздың мақтанышы!

Гимназиямыздың 7 «В» сынып оқушысы Доспанов Арнурды әлемдік деңгейдегі зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

30 мамыр күні Арнур киокушинкай каратэден Әлем чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігін, қайсар мінезін және жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Ол жарыс барысында 4 жекпе-жек өткізіп, оның 3-еуін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Беделді халықаралық турнирге 17 мемлекеттен спортшылар қатысып, Арнур өз өнерінің арқасында 13 жас санатындағы әлемнің ең мықты жасөспірімдері қатарына енді.

Қостанай облысының спортшылары бұл додада 3 алтын медаль жеңіп алды. Сол алтындардың бірінің иегері — біздің гимназиямыздың оқушысы Арнур Доспанов!

Арнурға алдағы уақытта да толағай табыстар, мықты денсаулық, қажымас қайрат пен жаңа жеңістер тілейміз! Біз сенің жетістігіңді мақтан тұтамыз және бұдан да биік белестерді бағындыратыныңа сенімдіміз!

Жарайсың, Арнур! Жеңіс жолың әрқашан ашық болсын! 🏆