Іс-шара салтанатты әрі патриоттық рухта өтіп, қатысушыларды ел тарихына, әскери борышқа және Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрмет сезімімен біріктірді.
Байқау барысында командалар саптық дайындықтарын, қимылдарының үйлесімділігін, тәртіптіліктерін және командаларды нақты орындау шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы саптық жүрістің нақтылығына, қатысушылардың сыртқы келбетіне және командалық рухына ерекше назар аударды.
Оқушылар жоғары дайындық деңгейін, жауапкершіліктерін және өз сыныптарын лайықты таныстыруға деген ұмтылыстарын көрсете білді. Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, әскери қызметке деген құрметті қалыптастырып, ұйымшылдық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.