Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

Оқушы Сейтказинова Адия өз атасы — ауған соғысының ардагері Амерғали Валиевтің өмір жолы туралы әсерлі әңгіме ұсынды. Ол атасының әскери қызметі, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жылдары жайында баяндап, жауынгерлік марапаттарын сыныптастарына таныстырды. Орден-медальдарды өз көздерімен көру оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Балалар қызығушылықпен сұрақтар қойып, үлкен ықыласпен тыңдады.

Ардагердің ерлігі мен өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа батылдықтың, табандылықтың және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болды.

Тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық санасын нығайтып, тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тағылымды әрі әсерлі кездесу болды.