
Сабақтың мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру және адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар жемқорлықтың мәнін талқылап, оның қоғамға тигізетін зияны туралы пікір алмасты. Өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы әділ шешім қабылдаудың маңызын түсінді. Сондай-ақ, адал азамат қандай болу керектігі туралы өз ойларын білдірді.
Бұл сабақ оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы, жауапты тұлға тәрбиелеуге бағытталды. Адалдық – әр азаматтың басты қағидасы.