Адал Азамат

Жұмысқа қабылдау

 

Жеңіс күні қарсаңында 6 «Г» сыныбында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Біз сіздердің ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз» атты тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар «Қазақстандықтар — Кеңес Одағының Батырлары» атты қысқаметражды фильмді тамашалап, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова және Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы мәлімет алды.

Тәрбие сағаты оқушыларға ерекше әсер қалдырып, туған жер батырларына деген мақтаныш сезімін оятты.

 Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

 Жеңіс күні құтты болсын!