
9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары
Бүгін 1–4 сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған тәрбие сағаттары өтті.
Сынып сағаттары барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігімен танысып, бейбіт өмірдің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Балалар Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық рух және үлкенге құрмет туралы өз ойларымен бөлісті.
Батырлар ерлігі — ұрпаққа үлгі!
Жеңіс күні құтты болсын!

