Жұмысқа қабылдау

Кездесуге жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. ХБО өкілі «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаттары, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар, сондай-ақ халықаралық стипендияларға қол жеткізу, Еуропа, Азия және АҚШ-та тегін білім беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Таяу шетелдермен жасасқан шарттар негізінде үкіметаралық грантты алу мүмкіндіктері туралы айтты. Көшпелі брифингтердің мақсаты – магистратура, резидентура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша стипендия алуға әлеуетті үміткерлерге кеңейтілген ақпарат беру.